Қоңқабаев Әлем чемпионатында Жалоловқа есе жіберді

1376

2023 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан қазақстандық боксшылардың саны қанша?

Қоңқабаев Әлем чемпионатында Жалоловқа есе жіберді

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Коңқабаев Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/4 финалда шаршы алаңға шықты. Жекпе-жек 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өтіп, 5:0 есебімен Жалоловтың жеңісімен аяқталды. Кездесу барысында Қоңқабаевқа екі рет ескерту берілді. Осылайша қазақстандық боксшы 1/2 финалға өте алмай, әлем чемпионатында жүлдесіз қалды.

Айта кетейік, бұл бокс жанкүйерлері үшін көптен күткен жекпе-жек болды. 2019 жылға дейін Қоңқабаев жеке кездесулерде 3:1 есебімен алға шықты, бірақ одан кейін Жалолов қатарынан бес жекпе-жекте жеңіске жетті.

Осылайша 1/4 финалдан кейін Өзбекстан, Қазақстан және Ресей елдерінен екі босшыдан жарыс жолын аяқтады. Кубаның құрамасы тура екі есеге – 12 боксшыдан 6 боксшыға қысқарды. Жартылай финалда барлығы 18 елден 52 боксшы өнер көрсетеді. 5 боксшысы бар Қазақстан төртінші орында.
½ финалға қатысушылар:
9 боксшы – Өзбекстан
6 боксшы- Куба, Ресей
5 боксшы – Қазақстан
3 боксшы – Грузия, Франция, Испания, Үндістан
2 боксшы – Армения, Моңғолия, Бразилия, Әзірбайжан
1 - Иордания, Қырғызстан, Қытай, Мексика, Италия, Тәжікстан
Барлық жартылай финалдар 12 мамырда өтеді. Финал 13 және мамырда өтеді.
48 кг:
Сахил Алахвердови (Грузия) - Алехандро Кларо (Куба)
Санжар Ташкенбай (Қазақстан) - Эдмонд Худоян (Ресей)
54 келі:
Махмуд Сабырхан (Қазақстан) - Йосвани Вейтиа (Куба)
Дмитрий Двали (Ресей) - Ойбек Джураев (Өзбекстан)
67 келі:
Лаша Гурули (Грузия) - Дулат Бекбауов (Қазақстан)
Асадхужа Муйдинхуджаев (Өзбекстан) - Баттомориин Мишилт (Моңғолия)
71 кг:
Нишант Дев (Үндістан) - Асланбек Шымбергенов (Қазақстан)
Сайджамшид Джафаров (Өзбекстан) - Уондерсон де Оливейра (Бразилия)
80 кг:
Тоқтарбек Таңатқан (Қытай) - Газимагомед Жалидов (Испания)
Имам Хатаев (Ресей) - Нұрбек Оралбай (Қазақстан)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу