Бұл туралы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Sport+ арнасына берген сұхбатында айтты.
Қамшыбек Қоңқабаев 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ол Токио Олимпиадасының қола жүлдегері (2020), Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021).
2020 жылдың тамыз айынан 2022 жылдың ақпанына дейін Қамшыбек кәсіби бокста да бақ сынап, 5 жекпе-жек өткізді. Оның төртеуінде нокаутпен жеңіске жетті. Сондай-ақ, WBO Asia және WBA Gold аймақтық титулдарын жеңіп алды.
2024 жылғы Париж Олимпиадасында испаниялық Айюб Гадфеге алғашқы айналымда есе жіберген Қоңқабаев қайта рингке оралмады.
Қамшыбек Қоңқабаевтың жетістіктері мен еліміздегі спорттың дамуына қосқан үлесі жанкүйерлердің жадында және оның болашақ спортшыларға үлгі болары сөзсіз.