Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиадаға қатысатын құрамы белгілі болды

117

XXV қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. 

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиадаға қатысатын құрамы белгілі болды Фото: kazgazeta.kz

Әлем кубогы кезеңдерінің (АҚШ, Канада, Нидерланды, Норвегия) қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 12 олимпиадалық лицензия жеңіп алды.

Жаттықтырушылар штабының шешімімен 2026 жылғы қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайтын спортшылар: Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина 2 жолдама иеленсе, шорт-трекшілер тағы 9 лицензия алды. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 23 лицензия бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу