Қыздарымыз конькимен жүгіруден қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

271

Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте медальдар саны бойынша әзірге 4 орында келеді. 

Қыздарымыз конькимен жүгіруден қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды Фото: olympic.kz

Қазақстандық конькишілер Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында командалық спринтте қола жүлдеге ие болды. Алтын медальді Оңтүстік Корея құрамасы жеңіп алды. Ал Қытай күміс медаль иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін осы құрам 2025 жылдың қаңтар айында Канаданың Калгари қаласында өткен конькимен жүгіруден Әлем кубогының кезеңінде де командалық спринтте қола медаль жеңіп алған болатын. 

Бұл нәтижелер қазақстандық конькиші қыздардың халықаралық аренада жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүргенін көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу