Конор Макгрегорға қатысты іс қозғалды

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2641

UFC-дің экс-чемпионы жанкүйерінің айфонын сындырғаны үшін жауапқа тартылады.

Конор Макгрегорға қатысты іс қозғалды

Атышулы спортшы АҚШ-тың Майами қаласында полиция ұстады.  The Miami Gerald басылымының жариялауынша, ол Америка уақытымен таңғы 5 шамасында Fontainebleau отелінің Liv деп аталатын түнгі клубынан шыққан. Автотұрақта оны бір фанат суретке түсіріп алуға тырысқан. Бұл Макгрегорға ұнамай, ол жанкүйерінің қолындағы телефонды тартып алып, аяғымен езіп тастаған. Содан соң сынған телефонды алып, кетіп қалған. Конордан жәбір көрген Ахмед Абдирзак деген ағылшын екен. Ол сол түні Fontainebleau қонақ үйіне тоқтапты. Жәбірленуші полицияға сынған телефоны мың доллар тұратыны туралы шағым түсірген.

Бірер сағаттан кейін Конор қолға түскен. Ол мүлдем қарсыласпаған. Әйтсе де спортшы "бұзақылық және ұрлық жасады" деп айыпталған. Макгрегор полицияда күні бойы отырып, кепілге 12,5 мың доллар төлеп, кешкісін босатылған. Сол кезде оны бірнеше журналист суретке және бейнетаспаға түсіріп алған.

Конордың соты алдағы үш аптаның ішінде өтеді. Оған айыппұл салынуы немесе ол түзеу жұмыстарына тартылуы мүмкін. Өзі инстаграмдағы жеке парақшасына "Сабыр түбі – сары алтын" екенін меңзеп, фанаттарының бәрін жақсы көретінін жазған. Барлығына алғыс жолдауды да ұмытпаған.

Естеріңізде болар, былтыр сәуір айында Конор Макгрегор АҚШ-та "жер өртеп", атын шығарған. Онда ол Хабиб Нурмагомедов мінген автобусқа шабуыл жасап, терезесін сындырған. Шілде айында Нью-Йорк соты оны 5  күн қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарып, шара қолданған.

МаруанТүсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу