Конституцияны бұзып отырсыздар – "Астана LRT" ісі бойынша адвокаттар сотқа наразы

1401

"Астана LRT" ісі бойынша аппеляциялық шағым берген сотталушылардың адвокаттары сот құрамындағы судьяларға қарсылық білдірді. Олардың айтуынша, судьялардың осы істе тікелей және жанама түрде мүддесі бар, деп хабарлайды inbusiness.kz.   

Конституцияны бұзып отырсыздар – "Астана LRT" ісі бойынша адвокаттар сотқа наразы

"Аппеляциялық инстанцияға сотталушылардың бәрінің қатысуын талап етеміз. Осыған байланысты сот отырысын басқа күнге ауыстыру керек", деді адвокат Оразалин сотқа қарсылықты жолдай отырып,

Ал адвокат Сәуле Ақатованың айтуынша өз қорғауындағы сотталған азаматтың сотқа міндетті түрде қатысуын талап еткенін мәлім етті.

"Алты күннен кейін бәріміз Қазақстанда Конституция күнін атап өтеміз. Кешіріңіз, құрметті сот, бірақ сіз 77- баптағы 3-тармағы бойынша азаматтардың конституциялық құқығын бұзып отырсыз. Неліктен прокурор және сіз 428-баптың 5-тармағын көзге ілмей отырсыздар. Иә, сізде бәлкім, белгілі бір деңгейде жеке мүдделік болуы мүмкін. Дәл қазір осы норманы қабылдай алмайтын болсаңыз, ендеше біздің аппеляциялық шағымдарымызды қалай қарайсыздар? Сіз біз үшін белгілі бір күмәнді туғыза бастадыңыз. Біз тіпті мұндайды күтпедік. Сіз сапалы түрде істі қарайды деп сендік",дейді Сәуле Ақатова.

Адвокат Әбішев болса сотталушылардың "бірінші инстанцияда судьяның сот материалдарын зерттемегенін" мәлімдегенін айтты.

"Бірінші инстанцияның сотында дәл осындай қайталанған. Енді келіп, екінші инстанцияда да солай болып отыр. Мен де сізге сенімсіздік білдіремін",– деді Әбішев.
Жеті адвокаттың басым бөлігі Оразалиннің шағымын қолдап шықты.

Еске сала кетсек аты шулы "Астана LRT" ісі бойынша сот үкімі осы жылдың 28 мамырында шыққан еді. Судья Қажымұқан Мекемтастың үкімімен кінәлі деп танылған 7 адамға 7 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Нұр-Сұлтандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айыптаушы ретінде прокурор Диас Янгалышев болды. Сотталушыларға 5,8 млрд теңгені жымқырды деген айып тағылған еді

Осы іс бойынша елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланған. 

Аян Бекенұлы
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу