Көпбалалы отбасыларға жыл сайын үй беріледі

20238

Жобаны жүзеге асыруға 350 млрд теңге жұмсалады. 

Көпбалалы отбасыларға жыл сайын үй беріледі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында былтыр 12 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін, биыл бұл көрсеткіш 1 миллионға ұлғайып, 13 миллионға жеткізілетінін жариялады.  

"8 айдың ішінде 7 млн 600 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Бұл 65 825 пәтер деген сөз", – деді вице-министр.

Қайырбек Өскенбаевтың сөзінше, биыл көпбалалы отбасыларға 6 мың пәтер беру жоспарланған. Іс барысында жоспар асыра орындалған. Нәтижесінде көпбалалы отбасыларға 6  мың емес, 8 мың пәтер берілетін болған. 

"2025 жылға дейін көпбалалы отбасыларға жалдамалы 40 мың пәтер салынады. Жыл сайын 6 мың пәтер үлестіріледі. Жобаны жүзеге асыруға 7 жылда 350 млрд немесе жыл сайын 50 млрд теңге жұмсалады. Мамыр айынан бері көпбалалы отбасыларға 2 813 пәтер берілді. Әкімдіктің дерегінше, жыл соңына дейін көпбалалы отбасыларға 8 мың пәтерге ие болады. Жоспар бойынша биыл 6 мың пәтер берілу керек болатын", – деді Қайырбек Өскенбаев.

Бірінші вице-министрдің мәлімдеуінше, қолданысқа "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға 2%-бен несие беретін "Бақытты отбасы" атты бағдарлама енгізілген. Бағдарлама жыл сайын 5 мың отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. 

"18 қыркүйектегі жағдай бойынша ел азаматтарынан құны 45,6 млрд теңгені құрайтын 4434 өтініш қабылданған. Нәтижесінде 24,9 млрд теңгені құрайтын 2382 өтініш мақұлданған", – деді Қайырбек Өскенбаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу