Коппа Бернокки. Никита Стальнов тау классификациясының жеңімпазы

2043

​Бүгін Италияда өткен классикалық біркүндік Коппа Берноки жарысын “Астана” велокомандасының шабандоздары өте белсенді өткізді.

Коппа Бернокки. Никита Стальнов тау классификациясының жеңімпазы

Кезең басталысымен 5 шабандоздан тұратын көшбасшы топ құрылды. Олардың арасында қазақстандық спортшы Никита Стальнов та бар еді. Көшбасшылар 150 шақырымда тек алдыңғы шепте болғандарымен, финишке шамамен 45 шақырым қалғанда негізгі топқа ұсталып қалды. Көшбасшы топта тамаша өнер көрсеткенінің арқасында Никита Стальнов тау классификациясын жеңіп алды.

Никита Стальнов пен оның командасы пелотонға ұсталып қалғаннан кейін финишке 41 шақырым қалғанда Алексея Луценко шабуылға шығып, алға озды. Алексей жақсы жұмыс жасағанымен, финишке 10 шақырым қалғанда оны кейінгі топ қуып жетті.  

Нәтижесінде жарыс жаппай спринтпен аяқталып, неміс шабандозы Фил Баухаус жеңіске жетті. Ал қазақстандық Евгений Гидич мәреге 7-болып келді.

- Жарыс басталғаннан кейін шабандоздарымыздың бірі алға озуы қажет деген шешімге келдік. Кезек-кезек бағымызды сынап, шабуылға шықтық. Алдыңғы шепте бір шабандоз кетіп бара жатқан. Қолалы сәтті пайдаланып, шабуылға шығып сол шабандоздың қатарына қосылдым. Осылайша біз алға оздық. Сәл кейінірек бізге тағы 2-3 шабандоз келіп қосылды. Және негізгі топ бізге кедергі келтірген жоқ. Ең басты мақсатымыз команданы топтағы жұмыстан босату болатын. Жарыс барысында тау классификациясының жүлдесі үшін таласқа түсемін деп шештім. Ал одан кейін шамам келгенше өз жылдамдығыммен жүріп отырдым. Жақсы жаттығу жұмыстары болды деуге болады. Сонымен қатар командаға да пайдам тиді. Соңында жеңіс тұғырынан да көріндім. Жалпы жарыстың нәтижесіне көңілім толады. Алда Италияда өтетін әлі бірнеше классикалық жарыстар бар, деді фиништен соң Никита Стальнов.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу