Себеп - адамдар бір телефонды ұзақ уақыт пайдаланады. CNBC басылымының дерегі бойынша, iPhone қолданушылары телефондарын төрт жылда бір рет жаңартатын көрінеді. Apple компаниясының директоры Тим Куктың айтуынша, биыл тұтынушылар ескі смартфондарды былтырғымен салыстырғанда ұзағырақ қолданатын болған. "Бұған макроэкономикалық факторлар әсер етіп отыр,– дейді Кук. Бұл марканың тұрақты сатып алушылары жаңа смартфон алуға асықпайды. Олардың көпшілігі камераның сапасы мен батареяның жұмыс істеу мерзіміне назар аударады. Ал соңғы жылдары шығарылған телефондар камерасының сапасы көпшіліктің көңілінен шығып отыр.
Мысалы, Apple былтыр қыркүйек айында 799 долларлық iPhone XR смартфонын сатылымға қойды. Ал 999 доллар тұратын iPhone XS пен құны1099 доллар XS Max серияларының экраны мен камерасы iPhone XR-дікіне қарағанда сапалырақ. Дегенмен тұтынушылардың көбісі осы телефондар арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ екенін алға тартып отыр.
Сарапшылардың пайымынша, нарықта жаңа функциясы бар телефондар пайда болмайынша адамдар ескі телефондарын жаңасына ауыстыруға асықпайтын болады.
Табиғат Нұрболат