Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатыр

1036

Дәрігерлер астаналықтарды көшеге шықпауға шақырды. 

Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатыр Фото: inbusiness.kz

Елорданың сол жағалауын қалың ыс түтін мен күйік иісі басып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  Бұған Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында өлі ағаштың жануы себеп болған.  Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер 15 гектар аумақтағы өртті ауыздықтау жұмыстарын жүргізуде. Өртті сөндіруге қатты жел, батпақты жер және кіреберіс жолдардың жоқтығы қиындатып отыр.  

Осыған байланысты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды көшеге еш себепсіз шықпауға, пәтердің терезелерін ашпауға, көшеде бетперде тағып жүруге шақырады. Бұл ұсыныстар ең алдымен тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға қатысты.

Өртті сөндіру үшін жеке құрамның 140 адамы және 40-қа жуық техника жұмылдырылған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу