Коронавирус банктердің рейтингісіне әсер етті ме?

4415

2021 жылғы наурызда банктердегі салымдар 11,6 трлн теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,5%-ға артық (9,9 трлн теңге). 

Коронавирус банктердің рейтингісіне әсер етті ме?

Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) жоғары өтімді активтері бір жылда 38%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Әлем елдері пандемия жағдайында өмір сүріп жатқанына бір жылдан асты. Карантин шектеулері экономикалық белсенділікті төмендетіп, экономиканың барлық саласын тұралатып тастады. Халықаралық валюта қорының мәліметінше, 2020 жылы әлемдік ЖІӨ 3,3%-ға төмендеді.

Пандемияның салдары Қазақстанға да тиді: өткен жылы елдің ЖІӨ 2,6%-ға азайды. Бұл қиындыққа қарамастан, еліміз инвестициялық тартымдылығын сақтап қалды.

Биыл S&P Global Ratings және Fitch сынды ірі халықаралық рейтингтік агенттіктері Қазақстанның рейтингісін "BBB−" және "BBB" деңгейде: "тұрақты" екенін растады. Ал Moody's агенттігі рейтингті "Ваа3" деңгейде екенін атап өтіп, "оң" болжам жасады.

Еліміздің инвестициялық тартымдылығын сақтауға банк секторының тұрақтылығы әсер еткен. Экономикалық дағдарыс банк секторына салдарын тигізген. Алайда уақытында жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Қазақстанның банк секторы бұл қиындыққа дайын болды. Сондай-ақ қазақстандық банктер икемділік танытып, карантин шектеулерінен туындаған өзгерістерге қысқамерзімде бейімделген. 
Мұны қазақстандық банктердің кредит рейтингісі дәлелдей алады. Өткен жылы олардың рейтингісі нашарлап қана қоймай, кей жерлерде оң нәтиже көрсеткен. Мысалы, әлемдегі дағдарыс кезінде отандық 3 банк: Отбасы банк, Halyk Bank және ForteBank кредит рейтингісін жақсартқан.

Рейтинг агенттіктері Қазақстандағы банк секторының қазіргі жағдайын оң бағалап, экономикалық дағдарыс кезінде тұрақты жұмыс істегенін атап өткен. 2021 жылы наурыз-сәуірде Moody's және Fitch еліміздегі банк секторы бойынша болжамды "тұрақты" деп көрсеткен.

Moody's экономиканың қалпына келуі, банктердегі капиталдың жеткілікті дейгейде болуы нәтижесінде операциялық ортаның жақсарғанын атап өтсе, Fitch 2021 жылы сектордағы көрсеткіштер пандемияға дейінгі деңгейге жақын болады деп болжам жасаған.

Қазақстандағы тұрақты қаржы инстиуты – "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі болып саналады. Оны ірі халықаралық рейтингтік агенттіктері дәлелдеп отыр.
Биыл 9 наурызда Fitch Ratings агенттігі банктің рейтингін "ВВВ−" деңгейіне "ВВВ" деңгейіне көтеріп, "тұрақты" деп болжам жасады.

Fitch агенттігі банктің ұзақ уақыт тұрақты нәтиже көрсетуіне жеке тұлғалардың мемлекет субсидиялайтын жинақ шоттарының тұрақты ағыны мен қорландыруы оң әсер еткенін атап өткен. Нәтижесінде бүгінде банктің даму институты ретіндегі қызметі экономикалық белсенді халқының 20%-ын қамтиды.

Fitch Ratings агенттігі Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің арасында тек Отбасы банкінің қаржылық тұрақтылығын растап отыр. Агенттік жасаған есепте Отбасы банкіне орта мерзімді перспективада капиталды төтенше пайдалануы екіталай деп жазылған. Себебі ондағы активтер сапалы және капиталдың тиісті қоры бар. Бұл капитал коэффициентінің жоғары көрсеткішімен расталған. Мәселен 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k1) 39,2%-ды (ең төменгі деңгейде 7,5%, жүйе құраушы банктер үшін – 9,5%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k2) – 39,2% (ең төменгі деңгейде 10%, жүйе құраушы банктер үшін 12%) болды, бұл заңда белгіленген нормативтерден бірнеше есе көп.

Сонымен қатар Fitch Ratings агенттігі Halyk Bank эмитенті дефолтының ұзақмерзімді рейтингін "BB+" деңгейінен "BBB-" деңгейіне дейін көтерді: "тұрақты" болжам. Бұл – сектордағы ең жақсы көрсеткіштің бірі. 

Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) шамамен 14,9 трлн теңге немесе активтердің 46%-ын құрайтын өтімділіктің (ликвидность) айтарлықтай қоры бар. Оның 13,9 трлн теңгесі жоғары өтімді актив болып саналады. Бір жылда еліміздегі ЕДБ-ның жоғары өтімді активтері 38,3%-ға артқан. Өтімділіктің мұндай көлемі банктерге операциялық қызметін үздіксіз жүргізуге, банк қызметтерінің толық тізімін ұсынуға мүмкіндік береді. 2021 жылғы наурыздың соңындағы мәліметке сәйкес меншікті капиталдың жеткіліктілігі 26,8%-ға дейін өскен. Қазақстандағы ЕДБ-нің реттеуші меншікті капиталы – 4,9 трлн теңге.

Банктің қаржылық тұрақтылығы – адамдардың қандай да бір қаржы институтына және банк секторына сенуінің негізгі факторы.

2021 жылғы наурыздың соңында жеке тұлғалардың екінші деңгейлі банктердегі салымдары 11,6 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,5%-ға артық (9,9 трлн теңге). 

Соңғы 5 жылда жеке тұлғалардың елдегі банктердегі салымдарының сомасы жылына орта есеппен 11%-ға өсіп жатыр.

Ұлттық банктің мәліметінше, жеке тұлғалардың салымдары көлемі Отбасы банкінде айтарлықтай өскен. Бір жылда қазақстандықтардың салымдар 63,7%-ға артқан. Бұл елдің басқа банктеріндегі көрсеткіштен әлдеқайда көп.

Жеке тұлғалардың салымдарының өсуі бойынша екінші орынды Банк Хоум Кредит алды: бір жылда +39,5%. Үздік үштікті КЗИ Банк қорытындылайды: бір жылда +38,8%. Үздік бестікте Kaspi Bank және Altyn Bank.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу