Коронавирустың төртінші толқыны басталды – Жандарбек Бекшин

Алматыда сырқаттанғандар саны 2 есе өскен.

Коронавирустың төртінші толқыны басталды – Жандарбек Бекшин

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметіде өткен баспасөз конференциясында індеттің күннен күнге өршіп бара жатқанын мәлімделі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша, Алматыда коронавирустық инфекцияның үшінші толқыны наурыздан бастап маусымның басына дейін байқалды. Оған COVID-19-дың жаңа мутацияға ұшыраған – британдық "альфа" штамы себеп болған. 

"Үшінші толқын аяқталмай жатып, төртінші толқынның басталғанын көріп отырмыз. Бұл коронавирустық инфекцияның мутацияланған жаңа нұсқасы – үнді немесе "дельта" штамының таралуымен байланысты. Сырқаттану жиілігінің жоғарылауына байланысты 17-18 маусымда зерттеу жүргіздік. Сол арқылы біздің қалада британдық штамм, екі оңтүстік африкалық және бір нью-йорк штамдары таралып жатқанын анықтадық. Үш күннен кейін үнділік "дельта" штамы пайда болды", – деді шаһардың бас санитар дәрігері.

Соңғы екі аптада алматылықтардың COVID-19 жұқтыру көрсеткіші 2,1 есеге өскен. Яғни, 1142 жағдай 2377 жағдайға дейін артқан. Ал соңғы тәулікте мегаполисте 353 жағдай тіркелді. Тәуліктік өсім 0,4%.

"Біз қазір сырқаттанғандар саны 2 есе өсіп келе жатқанын байқап отырмыз. Вирустық ландшафтты зерттедік және анықталған 85 штамның ішінен 67-сі "дельта" болып шықты. Қоздырғыш өзгереді: британдық "альфа" үнді штамының тарауымен алмастырылады. Бұл мутацияланған штамдар, олар жұқпалы болып табылады. Сондықтан біз тиісті шараларды қабылдап, шектеу туралы жаңа қаулы қабылдадық", – деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ спикер Алматыда биылғы жылдың басынан бері инфекцияның 56138 жағдайы тіркелгенін айтты. Оның ішінде, маусымда – 4573 жағдай анықталған. Өткен жылмен салыстырғанда осы жылдың алты айында сырқаттану көрсеткіші 10 есе артқан. 

Құралай Құдайберген
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу