АЗЕРТАДЖ-дың жазуынша, Unitree Robotics компаниясы гуманоид роботтарының жеткізілімін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Адамға ұқсас роботтар Жаңа жыл мейрамына арналған гала-концерттегі көрінісі арқылы халықаралық танымалдыққа ие болған еді. Сол себепті, компания гуманоидтық робототехника сегментіндегі көшбасшылық позициясын нығайтуды көздейді.
Unitree Robotics бас директоры Ван Синсин биыл компания адамға ұқсас 20 мың робот жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 5,5 мыңға көп.
Ханчжоуда әзірленген роботтар күрделі жауынгерлік өнер элементтерін, батутта секіріп, сальто айналып, жылдам жүгіре алады, бұл соңғы 12 айдағы технологиялық жетістікті көрсетеді.
Кейбір элементтер, соның ішінде G1 моделі роботтарының кунг-фу көрсетілімдері толық автономды режимде орындалған. Сонымен қатар, H2 адамға ұқсас робот пен B2-W робот-иттер де пайдаланылды. Батуттағы максималды секіру биіктігі 3 метрге, ал жүгіру жылдамдығы секундына 4 метрге (шамамен сағатына 14 шақырымға) жетті.
Ван Синсиннің сөзінше, өндіріс саласының негізгі міндеті – гуманоид роботтарын нақты жағдайда енгізу. Сондықтан, Unitree автономды басқару жүйелерін құру үшін жасанды интеллект саласында жұмыс істейтін командалармен ынтымақтастық орнатуды жалғастырады.
Зерттеу компаниясы Omdia мәліметінше, өткен жылы Unitree адамға ұқсас 5,5 мыңнан аса робот жеткізіп, Tesla, Figure AI және Agility Robotics сияқты АҚШ бәсекелестерінің жеткізілімдерін артта қалдырған.