Көрші ел АЭС құрылысына қатысты теңдессіз құжаттарға қол қойды

Өзбекстан бір алаңда шағын модульді және ірі АЭС-ті біріктіріп салатын тұңғыш мемлекет болуға талпынып жатыр.   

Көрші ел АЭС құрылысына қатысты теңдессіз құжаттарға қол қойды Фото: Anadolu Agency

Олар Мәскеуде өткен Әлемдік атом апталығы аясында екі стратегиялық маңызды келісімге қол қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Узатом-ға" сілтеме жасап. 

Бірінші құжат – "Росатом Энергетикалық жобалар" АҚ мен "АЭС құрылысы дирекциясы" мемлекеттік кәсіпорны арасындағы интеграцияланған атом электр станциясын салу жобасын жүзеге асырудың негізгі шарттары туралы қосымша келісім. Бұл құжат жобаның конфигурациясын анықтап берді. Ол екі 3+ буындағы ВВЭР-1000 реакторы мен екі РИТМ-200Н реакторы негізіндегі шағын және ірі қуатты атом станцияларын қамтиды. 

Екінші құжат – екі станцияға ядролық отын жеткізуге арналған келісімшарттардың негізгі шарттары туралы келісім. Ол РИТМ-200Н және ВВЭР-1000 реакторларына арналған ядролық отын, сонымен қатар қосалқы бөлшектер мен жабдық жеткізу бойынша негізгі уағдаластықтарды бекітті.

"Узатом" директоры Әзім Ахмедхаджаев бұл жобаның Жызақ облысы үшін бұрын-соңды болмаған энергетикалық шешім екенін атап өтті. Ол шағын модульді станциялардың заманауи технологияларын классикалық атом энергетикасының сыналған шешімдерімен ұштастырады.

"Росатом" бас директоры Алексей Лихачёв бұл құжаттарға қол қою Ресей мен Өзбекстан арасындағы бейбіт атом саласындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңін білдіретінін айтты. 

– Өзбекстан – бір алаңда шағын қуатты заманауи атом станциясы мен ірі қуатты АЭС-ті қатар пайдаланатын интеграцияланған атом станциясын тұрғызатын әлемдегі тұңғыш ел болады, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу