Көрші елден Атлантидаға ұқсас көне қаланың орны табылды

Ғалымдар борпылдақ құм астынан адамдардың ізі сақталған мәдени қабатты анықтаған.

Көрші елден Атлантидаға ұқсас көне қаланың орны табылды Фото: Кабар

Бұл ежелгі қаланың шеті Қырғызстандағы Ыстықкөлдің түбінен табылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Археологтар Атлантидаға ұқсас шаһарды суасты экспедициясы барысында байқаған. Тору-Айгыр маңындағы су басқан аумақты зерттегенде ортағасырлық қоныстың болғанын растады. 

– Экспедиция есебінде зерттеушілер Ыстықкөл суының астында қалған кірпіштен салынған ғимараттар мен пеш қалдықтарын сипаттады. Сондай-ақ, керамика сынықтары, жануар сүйектері және металды өңдеуден қалған шлак қалдықтары табылды, – делінген зерттеу деректерінде. 

Бұл дерек адамдардың осы аумақта ұзақ уақыт бойы құрылыс салып, қайта жаңғыртып отырғанын, кейіннен бұл жерді су басқанын көрсетсе керек-ті. 

Қираған ғимараттардың жанынан, шамамен 5 метр тереңдікте, археологтар XIII-XIV ғасырларға жататын мұсылман қорымын да тапты. Ондағы жерлеу орындары дәстүр бойынша Мекке бағытына қаратылып орналастырылған.

Зерттеушілердің негізгі болжамынша, қала XV ғасырдағы күшті жер сілкінісінің салдарынан су астында қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу