Көрші елдер бұл тауарды 20 миллиард долларға сатып алуға дайын

1491

Мемлекет пен бизнестің үйлесімді әрекеті нәтижесінде экспорт көлемін 40 есеге дейін ұлғайтуға болады.  

Көрші елдер бұл тауарды 20 миллиард долларға сатып алуға дайын Фото: invest.kz

Бұл жерде әңгіме Қытай, Иран, Ауғанстан, сондай-ақ Орталық Азия елдері мен Еуроодаққа майлы дақыл өнімдерін экспорттау көлемі туралы болып отыр.

Ұлттық майлы дақылдарды қайта өңдеушілер қауымдастығының сарапшыларының бағалауынша, олардың жалпы көлемі 43 миллион тонна болады. Бұл бүгінгі таңда Қазақстаннан шетелге экспортталып жатқан көлемнен 42 есе артық, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін біз жаһандағы экспорттаушылардың үштігіне кіру жоспары туралы жазған болатынбыз. Енді бұған қаражат тұрғысынан зер салуға болады. Қазақстан күнбағыс майын жақын және алыс шетелге экспорттау жөнінен Украина мен Ресейден кейін үшінші орынды алған жағдайда, одан түсетін кіріс 2 миллиард долларына жетуі мүмкін.

Бүгінде күнбағыс майын жеткізу көлемі жөнінен әлемде 8-орында, ал күнжараны Еуропалық одаққа экспорттау бойынша 3-орында тұру 2023-2024 жылғы маусымда майлы өнімдердің экспорт көлемін 1 миллион тоннадан асырды. Осылайша 562 миллион доллар түрінде валюталық түсім әкелді. Егер экспорт көлемі 40 есеге артса, онда бұл көрсеткіш 22 миллиард доллардан да асып кетуі ықтимал.

Қазақстанның аумақтық тұрғыдан орналасуы мен жаһандық нарықтағы ахуалды ескеретін болсақ, бұдан да ірі көрсеткіштерге қол жеткізуге болады. Бұл мәселеде мемлекет қолдау шараларының да маңызы зор. Бұл салаға жүйелі түрде ден қоюдың нәтижесінде соңғы 5 жылда майлы өнімдер экспорты екі есе өсті.

Жалпы мемлекеттің майлы дақылдарды өңдеуге назар аударуын кездейсоқ деп айтуға келмес. Мұнда да сандар сөйлесін.  2024 жылы ғана майлы дақылдар өнімдері қазақстандық өңделген тауарлар экспортының төрттен бір бөлігін алды.

12 маусымда Астанада Қазақстан экспорттаушыларының форумы өтті. Іс-шараны Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы ұйымдастырды. Онда өңделген өнім экспорттаушылары арасында үздік жетілік анықталды. Рейтингтегі 5-орын май зауыттарына тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу