Іргедегі қырғыз ағайынның саны 7,4 миллионға жақындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қырғыз Республикасының тұрақты халқының саны 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында 103,4 мың адамға, яғни 1,4 пайызға артқан және 2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 7 млн 385 мың адам болған.
Мемлекеттік "Қызмат" мекемесінің дерегінше, 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдарында 117,3 мың жаңа туған сәби тіркеліп отыр, бұл 1 000 тұрғынға шаққанда – 19,2.(2024 жылдың қаңтар-қазан айларында – 20,1).
Сондай-ақ, 27 мың адам қайтыс болған, бұл 1 000 тұрғынға шаққанда 4,4-ті құрап отыр. 2024 жылы бұл 4,5 болған еді.
Нәтижесінде, халықтың табиғи өсімі 90,3 мың адам немесе 1 000 тұрғынға шаққанда 14,8 болған. (2024 жылы – 15,6).
2025 жылдың қаңтар-қазан айларында халықтың табиғи өсімінің ең жоғары деңгейі Баткен, Ош, сонымен қатар Жалал-Абад облыстарында байқалды. Тиісінше, ең төмен көрсеткіш Бішкек қаласында тіркелген.