Қос бірдей қазақстандық промоутерлік ұйым лицензиясынан айырылды

1048

Movida Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Жанқош Тұраровтың менеджері Әлімжан Қалдияров.

Қос бірдей қазақстандық промоутерлік ұйым лицензиясынан айырылды

Алматыда Жанқош Тұраровтың чемпиондық жекпе-жегімен бокс кешін ұйымдастырған қазақстандық Movida Promotions промоутерлік компаниясы лицензиясынан айырылды. Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы мәлімдеді. Компанияның негізін промоутер ғана емес, Тұраровтың менеджері болып табылатын Әлімжан Қалдияров қалаған.

"Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының заң комиссиясының қорытындысымен Delta Holding ЖШС және Raynelo Global Promotions ЖШС промоутерлік компаниялары әлемдік бокс ұйымдарының ережелері мен нұсқауларын, сондай-ақ ҚКБФ-ның ережелері мен нұсқауларын бұзғаны анықталды.

Қалдияров Ә.Д. басқаратын "Delta Holding" ЖШС және Исмагамбетов Н.С. жетекшілік ететін "Raynelo Global Promotions" ЖШС берілген лицензиялар қайта қайтарылады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсанында да жанжал туындады. Федерация танымал қазақстандық боксшылар Батыр Джукембаев пен Садриддин Ахмедовтың қатысуымен Алматыда бокс кешін өткізген екі промоутерлік компанияның - Boxing Stars Management және Lucky Cent-тің лицензиясын қайтарып алғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу