Қос қазақстандық гимнаст әлем кубогының кезеңінде жүлдеге қол жеткізді

150

Бұл додаға әлемнің 30 елінен 70-ке жуық спортшы қатысуда. 

Қос қазақстандық гимнаст әлем кубогының кезеңінде жүлдеге қол жеткізді Фото: kazgymfederation

Мысыр астанасы Каир қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңінде Қазақстан құрамасы жүлдегерлер қатарына ілікті. 

Ат снарядындағы финалда ел намысын қорғаған Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Құрбанов үздік үштікке еніп, жоғары нәтиже көрсетті. Ыдырысов 14.566 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болса, дәл осындай ұпай тіркеген Құрбанов қола медальді қанағат тұтты. Ал бірінші орынды 14.800 ұпаймен армениялық Гамлет Манукян жеңіп алды.

Қазақстандық гимнасттар үшін жарыс әлі аяқталған жоқ. Алда тағы бірнеше финал бар. Тіреніп секіруде Алтынхан Темірбек пен Асан Салимов өнер көрсетсе, ал кермедегі жаттығуда Ілияс Азизов медаль үшін таласады.

Айта кетейік, іріктеу жарыстарында Алтынхан Темірбек 13.716 ұпай, Асан Салимов 13.516 ұпай, Ілияс Азизов 12.800 ұпай жинады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу