"Қосановтың саяси келешегі жоқ" – Марғұлан Сейсембай

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
4615

Белгілі кәсіпкер президент сайлауын қоғамның үлкен жеңісі деп есептейді.

"Қосановтың саяси келешегі жоқ" – Марғұлан Сейсембай Фото: kursiv.kz

Марғұлан Сейсембайдың пікірінше, оппозиция атынан президент сайлауына түскен Әміржан Қосанов халықты алдап кетті.

"Қосанов алдап кетті. Онымен сайлау алдында кездескенiмде: "Сайлауға қатысамын" деді. "Не үшiн?" деп сұрағанымда: "Бұл жүйеге ұрыс беру керек" – деп үн қатты. Бермедi. Мен оның жеңе алмайтынын бiлдім. Оған жеңiстi ешкiм әкелiп бере салмайтынын да түсiнгенмiн. Бірақ Әмiржан ең құрығанда ұрыс бередi деп үміттенген едім", – деп жазды Марғұлан Сейсембай Facebook-тегі жеке парақшасына.

Оның айтуынша, Әміржан Қосановтың саяси келешегі жоқ.

"Әміржан Қосанов елiмiздiң тарихында бiрiншi рет шынайы халықтың батыры - таңдаулысы болатын мүмкiндiктi қолдана алмады. Сондай-ақ жиырма жыл бойы жинаған абыройын бiр күнде жерге төгiп тастады. Оның саяси келешегi жоқ", – деді ол.

Марғұлан Сейсембай халықты Қосановқа дауыс беруге үгiттемегенін жеткізді.

"Мен Қосановқа дауыс берiңдер деп үгiттеген жоқпын. Қосановқа дауыс беру арқылы билiкке өзiмiздiң наразылығымызды көрсетiп, оларды саяси реформаларға итермелеуге болады деп айтқанмын. Осы сөзiм жалған ба? Билiк наразылығымызды көрген жоқ па? Халық Қосановты - протестті жақтаушылардың санын көрген жоқ па? Мәселе тұлғада емес. Бiз қоғам, Қосанов арқылы бiз мақсаттарымызға жеттiк қой. Бұл үлкен жеңiс деп есептеймiн", – деді Марғұлан Сейсембай.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу