Көшпенділер ойындарында Ермек Құралбай аударыспақтан чемпион атанды

423

Ермек Құралбай финалда Қырғызстан спортшысын жеңді.

Көшпенділер ойындарында Ермек Құралбай аударыспақтан чемпион атанды Фото: ulttyqatsport.kz

60 келі салмақта сынға түскен Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Ермек Құралбай алтын медальға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақсы дайындықпен келдім. Финалдағы қарсыласым – былтыр ат үстіндегі күрестен 60 келіде чемпион болған қырғыз палуаны. Ел намысын қорғап, бірінші орын аламыз деп үміттенген едім. Сенімді ақтағаныма қуаныштымын, – деді аударыспақтан ұлттық құрама спортшысы Ермек Құралбай.

"Қазанат" ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей. 

10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу