Дәстүрлі садақ атудан "Орта Азия" нысанасы бойынша Астана қаласының спортшысы қоржынға күміс жүлде салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
40 метр қашықтықта өткен әйелдер арасындағы бәсекеге әлемнің 50-ден аса мемлекетінен 80-нен көп мерген қатысқан. Айкөркем Батихан мықтылар арасынан суырылып шығып, финалдық кезеңге жолдама алған еді.
Финалда елордалық спортшы шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлде салды.
Бүгін қазақстандық бірқатар спортшы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жарыстарын жалғастырады.
Жаза кеткен жөн, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 6 қыркүйекке дейін жалғаспақ.