Q-café жобасы елорданың аумағынан асып отыр. Қостанай облысында тиісті франшиза бойынша алғашқы кофехана іске қосылды.
Астанадан тыс алғашқы Q-Café кофеханасы Қостанай облысына қарасты Заречное ауылында ашылды. Бұл тұрғын үй секторына жақын маңдағы, қозғалыс қарқындылығы жоғары республикалық трассадан қол жетерлік жердегі елдімекен. Кофехананың жанында жақын арада көлік жуатын орын іске қосылмақ, бұл жаңа мекемеге келушілердің санын арттырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Q-café жобасы – Qazaq Oil ЖМҚС желісін жаңғыртумен байланысты тарихтың жалғасы. Компания өзінің экожүйесін дамытып келеді. Кофе, кондитерлік өнімдер, хот-догтар сатып алуға болатын жанармай құю бекеттеріндегі гастрономиялық аймақтар сатылымның тұрақты өсуін көрсетіп отыр. Жоба жетекшілерінің дерегінше, жанармай құю бекеттерінен ай сайын 500 мың шыны аяқ кофе, тағы 200 мыңға жуық хот-дог сатып алынады. Сату қарқыны артып жатыр.
"Біздің клиенттеріміздің бір бөлігі Qazaq Oil жанармай құю станциясына отын үшін емес, өнімдеріміз үшін келеді. Бізде Vlife клубы бар, онда бонустар жинап, бензин сатып алу үшін ғана емес, кофе мен кондитерлік өнімдерге жұмсауға, сондай-ақ серіктестерімізден тауарлар сатып алуға болады", – деді Qazaq Oil Ақмола және Қостанай облыстары бойынша филиалының директоры Қайсар Әбдірахманов.
Q-Café кофеханалар желісін құру Qazaq Oil экожүйесін дамытудың жалғасы іспеттес. Компания франшиза құра отырып, жобаны өз бетінше жүзеге асыру туралы шешім қабылдады. Оны сатып алған кәсіпкер сенімді серіктес тауып, кеңес беру және маркетингтік қолдау, қызметкерлерді оқытуға және орналасқан жерді табуға көмек және т.б. ала алады.
Қостанай облысында Эдуард Кельн Q-Café кофеханаларының франшизасы бойынша серіктесі атанды. Ол бес жылдан бері Qazaq Oil компаниясымен мұнай өнімдерін сату саласында жұмыс істеп келеді. Бірнеше жыл бұрын пайда болған жанармай құю бекетінің жанындағы гастрономиялық аймақ бизнесте өзін көрсете білді. Осылайша қостанайлық Қазақстан өңірлері бойынша франшизаны ең бірінші болып сатып алды.
"Өзім жұмыс істеген кезде өнімді сату қиын болды. Қазір көптеген мәселе серіктестің арқасында шешімін тапты. Q-Café франшизасына келсек, мен дайын бизнесті ғана емес, сондай-ақ сапалы өнімдерге кепілдік алдым. Біз барлық кондитерлік өнім мен ет өнімдерін орталықтан аламыз. Бұл біздің клиенттеріміздің сапасына кепілдік береді, ал біз жеткізушілерді іздеуге уақыт кетірмейміз", – деп атап өтті Қостанай облысы Заречное ауылындағы Qazaq Oil ЖМҚС және Q-Café директоры Эдуард Кельн.
Кофехана ашылған бірінші күні осыған дейін Qazaq Oil жанармай құю бекеттерінен кофе сатып алған клиенттер келді. Көп адамға ұсынылатын ассортимент жақсы таныс, адамдарда белгілі бір пікір қалыптасты. Клиенттердің сөзінше, олар үшін жеке кофехана бұл асықпай және тыныш, жайлы ортада демалу үшін таптырмас мүмкіндік. Сонымен қатар, өнімнің сапасы мен баға саясаты бұрынғыдай.
Қостанай облысындағы Q-Café – бұл серіктестің қаражатына франшиза бойынша ашылған желінің алғашқы кофеханасы. Астанадағы екі орын жаңа желіні дамытудың бастамасына айналды. Q-кафенің негізгі артықшылығы деп барлық өнімді орталықтандырылған жеткізуді айтуға болады.
"Біз орналасқан жерімізге қарамастан, барлық сату орнында өнімдеріміздің сапасы бірдей жоғары болуына мұқият қараймыз. Біз өз клиенттеріміздің сапаның ең қатаң талаптарына сәйкес келетін өнімдерді алуына бар күш-жігерімізді саламыз", – деді Q-Café жобасының жетекшісі Гүлжан Аймұхаметова.
Qazaq Oil компаниясы ЖМҚС желісі бойынша кофе франшизасын сатып алуға қатысты тағы бірнеше ұзақ мерзімді серіктестермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Келіссөздерге жаңа инвесторлар қосылып отыр. Қазақстанның барлық облыс орталығында Q-Café ашу жоспарда бар.
"Бізде барлық кезең бойынша өте қолайлы жағдайлар жасалған, қолдау көрсетіледі. Біз іске қосуға көмектесіп қана қоймай, бизнесті дамытуға, маркетингтік белсенділікке және қызметкерлерді оқытуға жан-жақты көмек көрсетеміз", – деді Қайсар Әбдірахманов.