Қостанайда жоғалған бес жасар қыздың денесі судан табылды

2845

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың мәйіті табылғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қостанайда жоғалған бес жасар қыздың денесі судан табылды

"Қыз бала табылды, ол суға батып кеткен. Толық түсініктеме жақында беріледі", – деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай облысында 7 тамызда үйінен шығып кеткен 5 жасар қыз іздестіріліп жатқаны хабарланған.

Іздеу жұмыстарына 500-ден астам полицей, тікұшақтар, сондай-ақ Ұлттық ұлан мен шекарадағы әскери қызметкерлер жұмылдырылды.

Мыңдаған адам қызды Жамбыл ауылына іргелес егістік алқаптардан іздеді.

Кеше бес жасар Мәдина Ерланқызын іздеу шаралары аясында егістік алқаптың әр жеріне су мен тамақ байланған шарлар қалдыру жөнінде шешім қабылданды.

Кешкі уақытта егістік алқаптың үстінен дельтапландар ұшырылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу