Қостанайға көшіп келген түркістандық бір-ақ айда әкім болды

5361

Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Қараспан ауылының тумасы Берік Қалмұратов Қостанай облысына қаңтарда көшіп келіп, ақпан айында Краснознаменск ауылдық округіне әкім болып сайланған.

Қостанайға көшіп келген түркістандық бір-ақ айда әкім болды

Бес баланың әкесі Берік Қалмұратов бүгінде Қостанайдағы Сарыкөл ауданы Қараоба ауылында тұрады. Ол оңтүстіктен еліміздің солтүстік облыстарына қоныс аудару бойынша арнайы мемлекеттік бағдарламаның бар екенін біле сала, жауапты мекемеге хабарласыпты. Қостанайға қоңырау шалып, қыс мезгіліне қарамасатан қаңтар айында теріскейге арнайы келген. Жергілікті жұрттың ыстық ықыласына бөлеген ол, тұрғындардың қолдауымен әкім болыпты. Қазір осында баспаналы болып, жылыжай егіп, қызметінен бөлек шаруашылықпен айналысып жүр.

"Ауылдық округте 2 елдімекен бар. Халқының саны 650 адам. Яғни, 200-ден аса отбасы бар. Жергілікті халықтың түсінігі өте жақсы. Қаңтарда келіп ауыл әкімі қызметі бос екенін естіп, құжатымды тапсырдым. Ақпан айында сайландым. Мұндағы жергілікті жұрттың негізгі кәсібі егін шаруашылығы. Бидай, арпа егеді", - дейді ол.

Берік Қалмұратов бұған дейін Ордабасы аудандық "Жастар ресурстық орталығында" қызмет етіп, кейіннен Қараспан ауылдық округінің әкімдігінде бас маман болған. Краснознаменск халқының қолдауының арқасында жаңа қызметінде ауыртпашылықты аса сезінбегенін айтады.

Берік қызметіне жайғасқаннан кейін оңтүстіктен өз отбасымен бірге тағы бір жанұяны көшіріп келіпті. Ол отбасының отағасы шаруа қожалығына механизатор болып қызметке кірсе, отанасы мектепке мұғалім болып істеп жатыр екен.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу