Қостанайлық 13 жасар ауыр атлет ел чемпионы атанды

807

Қостанай қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының екінші күнінде ерекше оқиға тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қостанайлық 13 жасар ауыр атлет ел чемпионы атанды Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта 2010 жылғы Ксения Прозорова ересектер арасындағы өзінің алғашқы біріншілігінде қарсыластарынан оқ бойы алда болды.

Алматы облысының өкілі К.Прозорова қоссайыс қорытындысында 175 келі нәтиже (80+95) көрсетті 

Ақмола облысынан келген Юлия Трошкина 155 келімен (72-83) күміс, ұлытаулық Нұрсыйла Берікбол 146 келімен (64+82) қола жүлдеге ие болды.

"Ешқандай демалыссыз еңбектенудің арқасында осындай табысқа қол жеткіздім. Болашаққа деген үмітім зор. Ірі халықаралық додаларда топ жарып, әлемдік рекордтар орнатуға бар күшімді саламын", — деді К.Прозорова. 

Ерлер арасында 61 келіге дейінгі (олимпиадалық салмақта) мына спортшыларға жүлде бұйырды. 

1.Мақсат Қуантқан (Қызылорда облысы) — 263 келі (118+145),
2.Әлихан Әскербай (Жетісу облысы) — 254 келі (114 +140),
3.Ерназ Алпысов (ШҚО) — 251 келі (110 +141).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу