Көпшілік күткендей ойынның бірінші кезеңі өте тартысты өтті. Қос құрама да басымдық танытуға тырысып бақты. Алайда есеп өзгеріссіз қалды.
Екінші кезеңде футзалшыларымыз қателікке бой алдырып қатарынан төрт гол жіберіп алды. Оны Матиас Роза 21, Анхель Клаудино 26, Кевин Арриета 32, Себастьян Корсо 32-минутта өзінің еншісіне жазды.
Ойынның 35-минутында Дәурен Тұрсағұлов айып алаңында қолмен ойнап, алаңнан қуылды. Қазақстан қақпасына белгіленген пенальтиден аргентиналық Кевин Арриета мүлт кеткен жоқ.
33-минутта Дәурен Тұрсағұлов қатесін түзеп, есеп айырмасын қысқартты. Ал аргентиналықтар қарап жатпады, Лукас Боло-Алемани 33-минутта есепті үстемелей түсті.
Осылайша, Қазақстан Аргентинаға 1:6 есебімен есе жіберіп, әлем чемпионатын аяқтады.