ҚПЛ. 16-тур ойындарына шолу

1005

Премьер-лиганың 16-туры аясындағы өткен матчтарда Шымкенттік "Ордабасы" Петропавлдың "Қызылжарын" жеңсе, "Астана" "Атыраумен" тең ойнады. Ал "Ақтөбе" қызылордалық "Қайсарды" ұтты.

ҚПЛ. 16-тур ойындарына  шолу

"Жетісу" мен "Ақсу", яғни екі аутсайдер команда ойнағанына қарамастан кездесу өте қызықты өтті. Жылдам соғылған екі гол ойыншылардың құлшынысын арттырды. Дегенмен, сәлден кейін командалар жай ғана қауіпті шабуылдармен алмасып, таблодағы көрсеткіш өзгере қоймады. Қорытынды есеп 1:1.

16-тур ойындарында "Астана" – "Атырау" 0:0 "Астана" негізгі ойыншыларына демалыс беруді ұйғарып, ұпай жоғалтты. Астаналық клубтың қосалқы құрамы да осал емес. Бірақ алаңға шыққандар ойдағыдай ойын өрнегін көрсете алмады. Қорғаныс пен қарсы шабуылдарға бейімделген "Атырау" гол соғуға асықпады. Осылайша бұл ойында гол көре алмадық – 0:0.

Ашығын айтқанда, "Ақтөбе" еурокубоктардағы ойындар алдында жанкүйерлерді тамаша ойынымен қуантты деп айта алмаймыз. Ара-тұра алаң иелері не істерін білмей жүргендей әсер қалдырды. Дегенмен 45-минутта Видемон есеп ашты. Нәтижесінде "Ақтөбе" "Қайсарды" минималды есеппен жеңді. Бұл матчта ақтөбеліктер күштерін сақтады және грузиндік "Торпедомен" мүлде басқа командалық ойын көреміз деп үміттенеміз.

Шымкенттік "Ордабасы" Конференциялар лигасы алдында күштерін үнемдеген жоқ. Бәлкім, бұл ұжым үшін еліміздің халықаралық аренадағы беделінен гөрі біріншілік маңыздырақ шығар. Голдар: Чиканчи 24 (0:1), Тағыберген 59 (1:1), Тұнғышбаев 90+2 (2:1).

Осылайша, 16-тур қорытындысы бойынша  "Ордабасы 42 ұпаймен көш бастаса, 39 ұпайы бар "Астана" 2-орынға, ал 34 ұпайы бар  "Ақтөбе үздік үштік қатарын толықтырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу