ҚПЛ клубтары тағы да легионерлерсіз қалуы мүмкін

Қазақстан футболына жаңа өзгерістер енгізілуі ықтимал. 

ҚПЛ клубтары тағы да легионерлерсіз қалуы мүмкін Фото: ҚФФ

Бұл туралы AmanVIBE телеграм каналына сілтеме жасап inbusiness.kz сайты хабарлайды. 

Дәл осы күні Қазақстан футбол федерациясы ел кубогының бастапқы кезеңінде Премьер-лига клубтарына легионерлерсіз ойнау немесе олардың санын шектеу жөнінде ұсыныс жасауды қарастырып жатқан көрінеді.

Қазіргі уақытта 1/16 финалдағы шетелдік ойыншылардың қатысуына қатысты нақты шешім қабылданбай отыр. Десе де, бұл мәселе клубтармен талқыланып, содан соң ғана түпкілікті шешім шығарылмақ. 

Алғашқы ойындар сәуір айының 8-9 күндеріне жоспарланған. Бұл кезеңде командалар бір ойыннан ғана өткізіп, келесі айналымға жолдама алады. 

Қазақстан кубогына Премьер-лига, Бірінші және Екінші лига командаларымен қатар әуесқой ұжымдар да қатыса алады. Жарыс жеңімпазының келесі маусымда еурокубоктарға қатысу мүмкіндігі бар. 

Бүгінде турнирдің жеңімпазы – қостанайлық "Тобыл" клубы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу