Жаңа маусымда "Мақтаарал" сапынан қорғаушы Богдан Мыцикті көріп қалуымыз мүмкін. 24-жастағы футболшы 2022 жылдың қаңтар айынан бері еркін агент ретінде тіркеліп тұр. Богдан оған дейін армениялық "Ван" ұжымында өнер көрсетіпті. Онда ол 11 ойын өткізіп, 2 гол салған екен. Украиндық өз мансабында "Ингулец", "Атлантас", "Кодру" және "Ида-Виирума" ұжымдарының намысын қорғаған. Бұл қорғаушының ерекшелігі қорғаныстың кез-келген бөлігінде ойнай береді. Трансфермаркет Мыцикті 150 мың еуроға бағалауда.
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев батыл мәлімдеме жасады. Магомед Адиев құрама сапында өнер көрсеткісі келетін ресейліктерге дайын асқа тіқ қасық жоқ дегенді білдірді.
"Мен біздің құрамада тек қазақ жігіттерінің өнер көрсеткенін қалаймын. Жалпы алғанда түлектеріміз. Қазақстанның футбол Федерациясы ешкімге төл құжатты алып беруге көмектеспейтіндігін айтқан болатын. Ойыншы аталмыш құжатты өз еңбегімен алуы тиіс. Мүмкін сол кезде футболшыны қатарымызға қосып қалармыз".
2023 жылдың ақпан айы басталғаннан бері Александр Зуевтың құрамаға құмары артып тұрғанын айтқан болатынбыз. "Химкидің" ресейлік ойыншысы ойлана келе тарихи отанында өнер көрсетуді жөн көріпті. Зуев Қостанай тумасы. Ол 2003 пен 2005 жыл аралығында "Тобылдың" жастар командасында доп тепкен.
"Тобол" жақын арада Асмир Сульичты қатарға қосады. Сульич осыған дейін “Сараево”, “Дьошдьор”, “Видеотон” және “Уйпешт” клубтарында ойнап келген. Өткен маусымда “Сараево” құрамында 14 ойында 2 гол соққан.
“Сараево” клубының жанкүйерлері бұл ойыншыдан құтылғандарына қуануда.