ҚПЛ. "Тобыл" екінші сатыға көтерілді

1809

Биыл "Тобылдың" қарқыны жаман емес. "Қайсармен" өткен кездесуден кейін қостанайлық команда "Астананы" басып озып, Қазақстан Премьер лигасының турнирлік кестесінде ел чемпиондарынан кейін екінші орынға көтерілді.

ҚПЛ. "Тобыл" екінші сатыға көтерілді

Қостанайлық "Тобыл" Қазақстан біріншілігінің 17-турында "Қайсар" командасынан басым түсті. Кездесу Алматы қаласындағы "Жас Қыран" стадионында өтіп, 3:0 есебімен қостанайлықтардың пайдасына аяқталды. Бұл кездесудегі голдардың барлығы екінші таймда соғылды. 53-минутта Сенин Себай алғашқы голды соқты. Ал 58-минутта Жереми Манзорро есепті еселеді. Матчтың 77-минутында Самат Жарынбетов гол соғып, ойынға нүкте қойды.

Матч аяқталған соң қостанайлық команданың бас бапкері Григорий Бабаян "Тобылдың" алда өтетін матчтары туралы өз пікірін білдірді.

"Біздің матчтардың кестесі өте тығыз. Әр төрт күн сайын бір матчтан өткіздік. Бұл бесінші кездесу. Шаршағанымыз ойынға әсер етпей қоймайды. Бірақ қазір демалатын уақыт емес. Біз тез арада қалпымызға келіп, келесі матчқа дайындалуымыз керек. Оңай ойын болмайды. Санаулы  матч  қалды. Мықты жігер мен талпыныс керек. Келесі қарсыласпен бабымызда алаңға шығу үшін қолдан келгеннің барлығын жасауымыз керек", - деді ойыннан кейін "Тобылдың" бас бапкері Бабаян.

"Тобыл" командасы 29 ұпай жинап, екінші орынға көтерілді. "Астана" командасының еншісінде 27 ұпай бар. Бірақ елордалықтар бүгін, 4-қараша "Таразға" қарсы кездесу өткізеді. Еске салайық, бұған дейін "Қайрат" командасы "Ордабасыны" жеңіп, чемпион атанған болатын.

Ермұхамед Мәулен

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу