ҚР ҰОК президенті Халықаралық Олимпиада комитеті комиссиясының отырысына қатысты

1375

2022 жылдың 24 қарашасында Швейцарияның Лозанна қаласындағы ХОК штаб-пәтерінде Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК/IOC) комиссиясының  Олимпизим 365 (Olympism 365) жұмыс отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz

ҚР ҰОК президенті Халықаралық Олимпиада комитеті комиссиясының отырысына қатысты Фото: ұйымдастырушылардан

Жаңадан тағайындалған комиссияның құрамына ХОК мүшелері, Олимпиада ойындары қозғалысының атақты өкілдері: Иорданияның тақ мұрагері Фейзал Аль Хуссейн (HRH Prince Feisal Al Hussein), Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (World Athletics) Президенті Себастьян Коэ (Sebastian Coe), Катар ҰОК президенті Шейх Джоан бин Хамад бин Халифа Аль Тани  (H. E. Sheikh Joaan bin Hamad Al-Thani), сондай-ақ басқа да белгілі спорт қайраткерлері мен атақты олимпиадашылар кірді.

Ал Қазақстан ҰОК президенті Тимур Құлыбаев (Timur Kulibaev) - 2022 жылдан бастап бұрын ХОК спорт арқылы қоғаммен байланыс және әлеуметтік даму жөніндегі комиссиясы (2019 жылдан бастап) деп аталған ХОК Олимпизм 365 комиссиясының  мүшесі.

2020+5 Олимпиадалық күн тәртібі - Комиссияның жалпы жұмысын анықтайтын, оның бағыт-бағдарын көрсететін стратегиялық құжат. Комиссия БҰҰ-ның (UN Sustainable Development Goals) Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) жету үшін алдын-ала жоспарланған шараларды іске асырудың шешімдері мен жолдарын қарастырады.

ХОК президенті Томас Бах (Thomas Bach) комиссия қызметінің бағытымен таныстыра отырып, "қауымдастықтар арасындағы байланысты қамтамасыз ететіндіктен спорттың әлеуметтік маңызы зор" екенін атап өтті. 

"Біздің міндетіміз - мемлекеттер мен бүкіл халықаралық қоғамдастықтың спортқа және оның қайталанбас құндылықтарына инвестиция салуды жалғастыруын қамтамасыз ету. Olympism 365-тің қабылдануымен спорт арқылы жақсы әлем құруға бірлесіп үлес қосуға мүмкіндік беретін серіктестіктер құрамыз және оларды нығайтамыз", - деді Томас Бах.

Комиссияның кезекті жұмыс отырысында спортқа қолжетімділікті жақсарту; спортпен шұғылдану үшін қауіпсіз әрі инклюзивті платформа құру; спорттан қоғам үшін барынша пайда алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті, жаһандық коммуникацияларды нығайту сияқты мәселелер талқыланды.

Келесі төрт жыл ішінде Олимпизм 365 Комиссиясы 45-тен астам стратегиялық серіктестер мен 200-ден астам серіктестерді байланыстыратын 8 инвестициялық портфель жасайды. Әрбір портфельді іске асыруға спортшылар, үкіметтік емес ұйымдар, жастар көшбасшылары, мемлекеттік ведомстволар, БҰҰ мен даму агенттіктері, жалпы олимпиадалық қозғалыстың басқа да мүдделі тараптары шақырылады.

ХОК-тың қызметін үйлестіретін, стратегияларды әзірлейтін, ХОК атқару комитетіне және ХОК жұмыс сессияларына шешім қабылдау үшін ұсыныстар енгізетін ХОК жұмыс органдары ретінде көрсетілген ХОК комиссияларын ХОК президенті Томас Бах тағайындайтынын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу