Кредит пен депозит азайса да, банк секторы өсіп келеді

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
2000

Бизнес депозитке ақша салуды да, қарыз алуды да азайтты. Ал халықтың жинақ ақшасы азайғанымен, кредит рәсімдеуі ұлғая түсті.

Кредит пен депозит азайса да, банк секторы өсіп келеді

Банктердің шетелден қарыз алуы азайып келеді
Банк секторының жиынтық активтері 2018 жылғы 1 маусымда 23 507,2 млрд теңгені (жылдың басынан бері төмендеу 2,7%) құрады.

Активтердің құрылымында ең көп үлесті кредиттер – 52,4%, бағалы қағаздар портфелі – 20,1%, қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар мен корреспонденттік шоттар – 11,4% иеленді.

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттер (NPL) 1 212,7 млрд теңгені немесе кредит портфелінің 9,05%-ын құрады. Кредит портфелі бойынша провизиялар 1 947,9 млрд теңге немесе кредит портфелінің 14,5%-ы (2018 жылдың басында – 2 126,4 млрд теңге немесе 15,6%) мөлшерінде қалыптасты.

Банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері 2018 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 20 440,3 млрд теңгені (жылдың басынан бастап төмендеу 3,3%-ды) құрады.

Банктер міндеттемелерінің құрылымында ең жоғары үлесті клиенттердің салымдары – 79,9%-ды, айналысқа шығарылған бағалы қағаздар – 6,0%-ды, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар – 3,1%-ды иеленеді.

Жиынтық міндеттемелерде банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелері 2018 жылдың басымен салыстырғанда 5,56%-дан 5,15%-ға дейін (1 062,9 млрд теңгеге дейін) төмендеді.

2018 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банк секторының жиынтық меншікті капиталы 2018 жылғы қаңтар-мамырда 1,2%-ға ұлғайып, 3 066,9 млрд теңге болды. Ал таза пайда 328,1 млрд теңгені құрады.

Бизнестің де, халықтың да депозитке салатын "артық ақшасы жоқ"
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2018 жылғы мамырдың соңында 16 896,3 млрд теңге (бір айда азаю 0,9%) болды.

Заңды тұлғалардың депозиттері 8 755,2 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 8 141,1 млрд теңгеге дейін 0,1% - ға қысқарды.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 9 397,7 млрд теңгеге дейін 0,2%-ға өсті, шетел валютасымен 7 498,5 млрд теңгеге дейін 2,3%-ға қысқарды. Долларландыру деңгейі мамырдың соңында 44,4% (2018 жылғы сәуірде – 45,0%) болды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2018 жылғы мамырда 5 135,0 млрд теңгеге дейін 1,8%-ға, шетел валютасымен 3 620,2 млрд теңгеге дейін 1,6%-ға (заңды тұлғалардың депозиттерінен 41,3%) қысқарды.

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 262,8 млрд теңгеге дейін 2,7%-ға ұлғайды, шетел валютасымен 3 878,4 млрд теңгеге дейін 3%-ға (жеке тұлғалардың депозиттерінен 47,6%) қысқарды.

Кредит нарығын халықтың алған қарызы құтқарып тұр
Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2018 жылғы мамырдың соңында 12 715,4 млрд теңгені құрады (бір айда 0,1%-ға ұлғаю).

Заңды тұлғаларға берілген кредит көлемі 7 971,2 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға азайды, жеке тұлғалардікі 4 774,2 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютамен берілген кредиттің көлемі бір айда 9 571,9 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредит 0,2%-ға азайды, жеке тұлғаларға берілген кредит 2,2%-ға ұлғайды.

Шетел валютасымен берілген қарыз көлемі 3 143,5 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға азайды, оның ішінде заңды тұлғаларға берілген кредит 2,1%-ға, жеке тұлғаларға – 3,4%-ға азайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2 733,7 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға (экономикаға берілген кредиттің жалпы көлемінен 21,5%) азайды.

Салалар бойынша бөлінген банктердің экономикаға берген кредиттің ең қомақты сомасы сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 15,1%), өнеркәсіп (14,5%), құрылыс (6,8%), ауыл шаруашылығы (5%) және көлік (4,6%) сияқты салаларға тиесілі.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу