Криштиану Роналду әлемдік рекорд орнатты

1024

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду спорттық мансабындағы 850-голын соқты.

Криштиану Роналду әлемдік рекорд орнатты Фото: vesti.kz

Жұлдызды шабуылшы Сауд Арабиясы чемпионатының бесінші турындағы матчта көзге түсіп, "Ән-Наср" командасы сырт алаңда "Әл-Хазмды" 5:1 есебімен ұтты. Роналду бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді және гол соғу бойынша әлемдік өзінің рекордын жаңартты. Екінші орында 818 гол соққан аргентиналық "Интер Майами" шабуылшысы Лионель Месси келеді.

Осы орайда футболшы жаңа рекордқа қатысты пікір білдіріп, мұнымен тоқтап қалмайтынын айтты.

"Тағы бір керемет командалық ойын! Біз көрсеткішті жақсартуды жалғастырудамыз. Мансабымдағы 850 гол және бұл әлі соңы емес", - деп жазды Роналду твиттердегі парақшасында.

Бұған дейін португалиялық футболшы ұлттық лигалардағы 517-ші голын соғып, жаңа әлемдік рекорд орнатып, футбол тарихына енді.

"Сауд Арабиясы чемпионатының төртінші турындағы "Аль-Шабаб" клубына қарсы ойында Роналду ұлттық лигалардағы 516-шы және 517-ші голды соғып, дубль жасады. Осылайша, португалдық ұлттық лигалардағы голдары бойынша әлемдік футбол тарихындағы үздік бомбардир" - деп хабарлайды Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS). Криштиану рекордты ұзақ уақыт сақтап қалған Йозеф Бицан мен Ференц Пушкашты басып озды (әрқайсысы 515 гол). IIFHS рейтингте аймақтық лигалардағы ойыншылардың соққан голдары ескерілмейтінін, тек ұлттық чемпионаттар қарастырылатынын хабарлады. Сондықтан Пеле, Ромарио және басқа да атақты бомбардирлер тізімде жоқ.

Футбол тарихында тек үш ойыншы ғана 500 гол көрсеткішіне жетті (Пушкаш, Бицан және Роналду). Ал Лионель Мессидің 496 голмен төртінші болуға толық мүмкіндігі бар. Сауд Арабиясына көшкенге дейін Роналду Португалия (Спортинг үшін), Англия (Манчестер Юнайтед), Испания (Реал Мадрид) және Италия ("Ювентус") чемпионаттарында өнер көрсетті. Португалиялық футболшы Испания чемпионатында 311 гол, Ағылшын Премьер-лигасында 103 гол, Италияның А сериясында 81 рет гол соққан.

Роналду "Әл-Наср" сапында 2023 жылдың қаңтарынан бері ойнап келеді. Оның аталмыш клубпен келісімшарты 2025 жылға дейін. Криштиану өткен маусымда "Аль-Наср" сапында 20 ойынға қатысып, 14 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу