Криштиану Роналду испаниялық модельге үйлену туралы ұсыныс жасады

"Аль-Наср" командасының шабуылшысы, 5 мәрте "Алтын доп" иеленген футболшының өзі оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.   

Криштиану Роналду испаниялық модельге үйлену туралы ұсыныс жасады Фото: dzen.ru

Фотоны саусағына үлкен гауһар жүзік тағып, мәз-мейрам болған модель жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Негізінен Роналду 31 жастағы Джорджина Родригеспен 9 жылдан бері бірге тұрып келеді. 

"Мен ұсынысты қабыл алдым" деп жазды Джорджина әлеуметтік желіде. 

40 жастағы футболшы мен испаниялық модель 5 бала тәрбиелеп отыр. Оның екеуі – ортақ баласы.
Айта кетейік, Криштиану Роналду "Аль-Наср" футбол клубында 2023 жылдан бері доп тебеді. "Манчестер Юнайтед", "Реал Мадрид" және "Ювентус" клубтарының намысын қорғаған ол 2008, 2013, 2014, 2016 және 2017 жылдарда "Алтын доп" иегері атанды. 

Сондай-ақ, португалиялық Криштиану Роналду – 22 жыл қатарынан ұлттық құрама сапында гол соққан тарихтағы тұңғыш футболшы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу