Криштиану Роналду мансабындағы 965-ші голын соқты

590

Роналду кезекті әлем рекордын орнатты.

Криштиану Роналду мансабындағы 965-ші голын соқты Фото: sport-express.ru

"Аль-Наср" Сауд Арабиясы чемпионатының 24-турында сырт алаңда "Аль-Наджма" командасын ірі есеппен жеңді.

Бурайда қаласында өткен кездесу қонақтардың 5:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Дубль авторы – Иньиго Мартинес. Сонымен қатар, Кингсли Коман, Садио Мане және пенальтиден гол соққан Криштиану Роналду мергендігімен көзге түсті.

41 жастағы Роналду үшін бұл гол мансабындағы 965-ші нәтижелі соққы болды.

Осылайша, Криштиану Роналду қатарынан 4 матчта гол соғып келеді. Бұл маусымда оның еншісінде 21 гол бар. Португалиялық шабуылшы үздік сұрмергендер тізімінде 3-орында тұр. Ал, 58 ұпай жинаған "Аль-Наср" турнирлік кестеде 1-орынға жайғасты. "Аль-Наджма" 8 ұпаймен 18-орында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу