Криштиану Роналду Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Сауд Арабиясынан кетіп қалды

131

Криштиану Роналду жеке ұшағымен Мадридке аттанды.

Криштиану Роналду Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Сауд Арабиясынан кетіп қалды Фото: ЖИ

"Аль-Наср" клубында өнер көрсететін футболшы Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты Эр-Риядтан кетіп қалды, деп хабарлайды Reuters.

Сауд Арабиясы астанасына жасалған бірқатар дрон шабуылдарынан кейін спортшы қауіпсіздік мақсатында елден уақытша кеткен.

Халықаралық Flightradar24 авиациялық платформасының дерегінше, Роналдуға тиесілі Bombardier Global Express жеке ұшағы дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 20:00-де Эр-Риядтан ұшып шыққан. Әуе кемесі Мысыр мен Жерорта теңізі үстімен өтіп, түн ортасынан кейін Мадридке қонған. Бұл мәліметті әуе қозғалысын бақылайтын трекерлер де растады.

Әзірге Роналдудың ресми өкілдері бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Роналду жұбайы Жоржина Родригес және 5 баласымен бірге тұратын Эр-Рияд қаласы соңғы күндері дрондар мен зымырандардың нысанасына айналған.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, шабуыл салдарынан дипломатиялық нысандар, соның ішінде АҚШ елшілігі де зардап шеккен. Алайда бұл ақпаратты АҚШ үкіметінің ресми өкілдері әзірге растаған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу