Криштиану Роналдуға қатысты жағымды жаңалық жария болды

Аты аңызға айналған футболшы Мадридке жеке дәрігеріне қаралу үшін барған еді. 

Криштиану Роналдуға қатысты жағымды жаңалық жария болды Фото: Gettyimages.ru

"Әл-Наср" клубының мәліметінше, Криштиану Роналду қазіргі уақытта Испаниядан Сауд Арабиясына қайта оралған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Яғни, португалиялық шабуылшының жарақатынан кейінгі емін аяқтағаны белгілі болды. 
Осыған дейін "Әл-Наср" клубы Роналдудың 28 ақпан күні "Әл-Фейхаға" қарсы өткен матчта сан бұлшықетінің артқы бөлігінен жарақат алғанын мәлімдеген-ді. 

– Қайта оралғаныма қуаныштымын, – деп жазды футболшы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Клубтың бас бапкері Жорже Жезуш футболшының Мадридке жеке дәрігеріне қаралу үшін кеткенін айтқан болатын. 41 жастағы Роналду осы маусымдағы 26 матчта 22 гол соққан. 

"Әл-Наср" Сауд Арабиясы чемпионатында 26-турдан соң 1-орында тұр. Олар "Әл-Хиляль" клубынан үш ұпай алда келеді. Клуб келесі ойынын 3 сәуір күні "Әл-Наджмаға" қарсы өткізбек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу