Отандасымыз Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды

225

Қазақстандық жеңіл атлет таяуда ғана Грекияда өткен жарыстан да жүлделі оралған еді. 

Отандасымыз Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды Фото: ҰОК

Польша астанасы Варшавада өткен Konopacka Warsaw Classic 2025 халықаралық жарысында Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова биіктікке секіруден күміс медаль жеңіп алды.

Бұл дода World Athletics Continental Tour сериясының Bronze деңгейіндегі ресми турнирлерінің бірі саналады және тек әйелдер арасында ұйымдастырылды.

Овчинникова 185 см биіктікті бағындырып, екінші нәтиже көрсетті. Ал алтын жүлде украиналық Юлия Левченкоға бұйырды – оның көрсеткіші 192 см. Қола жүлдені жергілікті спортшы, польшалық Алисия Высоцка иеленді, ол да 185 см нәтижемен үштікке ілікті. Алайда, техникалық көрсеткіштері бойынша отандасымыздан кейінгі орында қалды.

Айта кету керек, бұл Кристинаның биылғы маусымдағы жоғары нәтижелерінің бірі. Бұған дейін ол Грекияда өткен халықаралық турнирде жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Варшавадағы нәтиже оның бабында екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу