Кристина Шумекова Әлем кубогында 2 алтын медальға қол жеткізді

349

Италияда конькимен жүгіруден әлем кубогының алғашқы кезеңі өтуде. 

Кристина Шумекова Әлем кубогында 2 алтын медальға қол жеткізді Фото: kazpravda.kz

Миланда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіру бойынша Әлем кубогында қазақстандық Кристина Шумекова 2 алтын медаль жеңіп алды.

Ол 1000 м (1:17.485) және 3000 м (4:13.08) қашықтықтарында үздік нәтиже көрсетті.

1000 метрде жапониялық Аяно Секигучи күміс, польшалық Ханна Мазур қола алды. Тағы бір қазақстандық спортшы Анастасия Беловодова 6-орынға ие болды.

3000 метрде Лике Хейзинк (Нидерланды) екінші, ал Цзяминь Цзян (Қытай) үшінші болып мәре сызығын кесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу