Кристина Шумекова жасөспірімдер арасында үш дүркін әлем чемпионы атанды

117

Қазақстандық спортшы конькимен жүгіруде бұған дейін 500 және 1500 метр қашықтықта алтын алған еді. 

Кристина Шумекова жасөспірімдер арасында үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үшінші алтын медалін жеңіп алды. Бұл жолы отандасымыз 1000 метр қашықтықта қарсылас шақ келтірмей, 1:16.34 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып жетті.

Сондай-ақ Кристина Шумекова 3000 метр қашықтықта күміс медаль иеленді. Бұл Инцелльдегі жарыстағы Шумекованың төртінші жүлдесі. Оның нәтижесі - 4:03.99. Осылайша ол тарихи көрсеткішке қол жеткізді. Кіші көпсайыс қорытындысы бойынша (барлық жеке қашықтықтардың жиынтығы) қазақстандық спортшы алғаш рет чемпион атанды. Бұған дейін бұл спорт түрінде мұндай жетістікке ешбір отандасымыз қол жеткізбеген. Жалпы есепте ол 156.001 ұпай жинады.

Аталған жарыста ұлттық құраманың өзге өкілдері де бақ сынады. Анастасия Беловодова 1:17.99 нәтижесімен жетінші орынға тұрақтаса, Варвара Глухова 32-ші, ал Айзада Рымбек 34-ші орынмен жарысты аяқтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу