"Критериум дю Дофине". Мигель Анхель Лопес жалпы есепте бесінші

1218

Әлемдік Тур аясында өткен "Критериум дю Дофине" көпкүндігінің бас классификациясы бойынша "Астана Про Тим" командасының көшбасшысы Мигель Анхель Лопес 5-орынға ие болды. 153.5 шақырымға созылған жарыстың соңғы 5-кезеңі Межев қаласында аяқталды.

"Критериум дю Дофине". Мигель Анхель Лопес жалпы есепте бесінші

Лопес финалдық кезеңде лайықты өнер көрсетті. Тек алдыңғы шепте болып, бірнеше мәрте шабуылға шықты. Нәтижесінде ол бес шабандоздан құралған көшбасшы топтың қатарына барып қосылып, басқа қарсыластарынан едәуір басымдылыққа ие болды. Финишке 11 шақырым қалғанда Мигель Анхель Лопес тағы да шабуылға шықты. Бірақ оны кейінгі топ қуып жетті. Содан кейін көшбасшы топ арасынан америкалық Сепп Кусс алға озды. Алайда бұл жолы "Астана" капитаны оның шабуылына ілесе алмады. Финалдық асу жолының қалған бөлігін өз жылдамдығымен жүріп өткен Лопес мәреге көшбасшыдан 1 минут 53 секундтан кейін 12-болып келді.

Колумбиялық Даниэль Фелипе Мартинес "Критериум дю Дофине" көпкүндігінің жалпы есебі бойынша жеңіске жетті. 2-орынды Тибо Пино (+0.29) иеленсе, Гийом Мартан (+0.41) үздік үштіктің қатарынан табылды. Мигель Анхель Лопес (+1.38) 5-нәтиже көрсетті.

"Жарыс аптасы ауырға соқты. Ал велододаның соңғы күні жақсы нәтиеже көрсетуім үшін маған сәл ғана уақыт жетпеді. Дегенмен ең бастысы бабым күннен күнге жақсаруда. Бүгін жалпы есептегі көрсеткішімді жақсартып, жүлдегерлер қатарынан табылу үшін қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Алайда бүгінгідей кезеңде қарсыластарыма төтеп беруге маған әлі біраз жаттығу керек. "Тур де Франсқа" дейін екі апта бар. Бұл уақыт аралығында біршама жұмыстар атқарылады. "Үлкен Күрмеудегі" дебютыма дейін толықтай дайын боламын деп ойлаймын", - деді Мигель Анхель Лопес.

Сонымен қатар Қазақстан чемпионы Алексей Луценкода соңғы кезеңді жақсы өткізді. Ол күні бойы шабуылға шығып, алға озған топ арасында болды. Нәтижесінде финишке 17-болып келді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу