"Критерум дю Дофине". Луценко он үздіктің қатарында

1166

Бүгін Әлемдік Тур аясында басталған "Критериум дю Дофине" көпкүндігінің 1-кезеңінде Қазақстан чемпионы Алексей Луценко 6-орынға ие болды. 218.5 шақырымға созылған жарыс жолы Сен-Кристо-ан-Жаре қалашығында мәресіне жетті.

"Критерум дю Дофине". Луценко он үздіктің қатарында

"Финал техникалық тұрғыдан қиын болғандықтан, жарыс жолында дұрыс позиция таңдау өте маңызды еді. Сол себепті алдыңғы қатарда позициямды сақтауға тырыстым. Нәтижесінде екі рет спринт жасауға тура келді. Алғашқы спринтте мен көшбасшы топқа ілесіп үлгеруге тырыстым. Ал екінші спринт финиште болды. Жарысты жақсы көрсеткішпен бастадым.  6-орын да жаман нәтиже емес. Өзімді тамаша сезіндім. Сайыс қиынға соқты әрі жылдам өтті. "Милан – Сан Ремо" велододасынан кейін біраз шаршағаныммен, кейінірек өзімді жақсы сезіне бастадым. Жарыстың соңғы сағаты өте жылдам өтті әрі жүйкемізге салмақ салды. "Тур де Франсқа" да аз уақыт қалды. Гранд-Турдың тамаша атмосферасын сезіне бастадық. Жалпы бүгінгі нәтижеге көңілім толады. Енді тек алға жылжып отырамыз", - деді Алексей Луценко.

Жарыс бағытында жеті асу орналасқанына қарамастан соңғы тау жолында толассыз шабуылдар орын алды. Кезең спринтпен аяқталып, бельгиялық велошабандоз Ваут Ван Арт жеңіске жетті. "Астана Про Тим" өкілі Мигель Анхель Лопес финишке еш қиндықсыз, жалпы топпен бірге келді.

Ертең велобәйгенің 2-кезеңі өтеді. Вьен елді-мекенінен басталатын жарыс жолы 135 шақырымнан кейін Коль де Портте аяқталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу