ҚТЖ мен Air Astana бірлесе бизнес құрмақшы

Куралай Абылгазина Куралай Абылгазина
2139

Ұлттық тасымалдаушы компаниялар 2017 жылы жүк тасушы авиакомпаниясын құрады.

ҚТЖ мен Air Astana бірлесе бизнес құрмақшы

Әуеде жүк тасымалдайтын  компания 2017 жылдың соңына дейін құрылады, оның құрамында кем дегенде екі әуе кемесі жұмысы істейтін болады. Бұл туралы инвестиция және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Алик Айдарбеков мәлім етті.

"ҚТЖ ("Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ) Air Astana-мен бірлесіп жүк авиатасымалын іске асыру үшін жүк авиакомпаниясын құрмақшы", – деді ол үкіметте өткен "100 нақты қадам" ұлт жоспарын іске асыруға арналған баспасөз мәслихатында.

"Бүгінгі күнге дейін елімізде мұндай компания болған емес. Қазір ҚТЖ осы бағытта жұмыс істейтін серіктес іздеп жатыр. Бұл компанияны жыл соңына дейін құрып, жұмысты бастау үшін жоқ дегенде екі әуе кемесін сатып алуды жоспарлап отырмыз", – деді Алик Айдарбаев.

Еске салар болсақ, "Қазақстан темір жолы" компаниясының еншілесі KTZ Express-те мұндай қызмет көрсетуге арналған инфрақұрылым бар. Оның сенімгерлік басқармасында 11 әуежай бар. Олар Астана, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Шымкент, Қызылорда, Атырау, Павлодар, Ақтөбе, Семей және Өскемен қалаларында орналасқан.

Сонымен қатар KTZ Express сайтының ақпары бойынша, компания қазірдің өзінде почта (шұғыл чартер, қауіпті жүк, гуманитарлық чартер)  мен жүктерді авиажеткізу, сондай-ақ жолаушылар тасымалдау (VIP-чартерлер, бизнес-чартерлер, топтық чартерлер) бойынша жұмыс жасап отыр.

Гүлназ Ермағанбетова, Құралай Әбілғазина

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу