ҚТЖ және Huawei Қазақстан теміржолдарын цифрландыруды күшейтуде

374

Тараптар ағымдағы өзара іс-қимылды қорытындылады және Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын одан әрі технологиялық жаңғырту жөніндегі стратегиялық жоспарларды белгіледі.

ҚТЖ және Huawei Қазақстан теміржолдарын цифрландыруды күшейтуде Фото: ҚТЖ

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Елжас Отыншиев Huawei компаниясының Корпоративтік сату жөніндегі аға вице-президенті Лео Ченмен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келіссөздер барысында ҚТЖ логистикалық процестерінің қауіпсіздігін, сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған озық цифрлық шешімдерді енгізуге басты назар аударылды. Атап айтқанда, кездесуге қатысушылар бірнеше жобаны егжей-тегжейлі талқылады. Соның ішінде, LTE-R байланыс желісін өрістету: теміржол көлігі үшін деректерді үздіксіз беруді және пойыздар қозғалысын сапалы үйлестіруді қамтамасыз ететін сымсыз технологиялық байланыстың мамандандырылған стандартын енгізу.

Сондай-ақ Деректерді өндеу  орталығын (ДӨО) құру: аналитикалық жүйелер мен жасанды интеллекттің жұмысын қамтамасыз ету үшін Huawei жетілдірілген есептеу карталарын біріктіруді қоса алғанда, деректерді сақтау мен өңдеудің жоғары технологиялық инфрақұрылымын салу талқыланды. Сонымен қатар сөз Интеллектуалды басқару орталығын (ИБО): нақты уақыт режимінде кешенді мониторинг, технологиялық процестерді визуализациялау және теміржол желісін жедел басқару үшін ахуалдық орталықты орналастыруды іске қосу туралы болды. Тараптар киберқауіпсіздікті күшейтуді: ҚТЖ-ның маңызды цифрлық инфрақұрылымын заманауи ақпараттық қатерлерден қорғау үшін арнайы киберқауіпсіздік орталығын құруды да талқылады.

Кездесу барысында Huawei-мен стратегиялық әріптестік ҚТЖ-ға компанияның өңірдің жетекші цифрлық логистикалық операторына айналуын жеделдете отырып, үздік әлемдік тәжірибелер мен инновацияларды енгізуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу