Қуанта алмағанымыз үшін кешірім сұраймын – Әбиба Әбужақынова

526

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Әбиба Әбужақынова командалық жарыстан кейін өз пікірін білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қуанта алмағанымыз үшін кешірім сұраймын – Әбиба Әбужақынова Фото: Владислав Семенов

"Біз командалық жарысқа алғаш рет лицензия алып тұрмыз. Оның өзінде, толық құраммен алмадық. Сондықтан, көпшілігіміз жоғары салмақта белдестік.

Соған қарамастан, жақсы нәтиже тіркеп, ерлік  көрсеттік деп ойлаймын. Жүлдеге жақындай алмағанымыз өкінішті, десе де, біз алдағы ойындарға толық құраммен келеміз деген сенімдемін.

Жанкүйерлерді қуанта алмағанымыз үшін кешірім сұраймын", - деді Абиба. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу