Қолма-қол ақшаға жаппай көшу – уақытша құбылыс

2053

Кәсіпкерлер мобильді аударымдарға қатысты мән-жайды жіті түсінбеген. 

Қолма-қол ақшаға жаппай көшу – уақытша құбылыс Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

БАӨ өкілі қолма-қол ақшаға жаппай көшудің ел экономикасына тигізер әсері туралы сұрады.

"Меніңше, бұл уақытша құбылыс. Жағдайды толық түсінбегендіктен кейбір кәсіпкерлер тарапынан дүрбелең пайда болды. Кәсіпкерлер мәселені дұрыс түсінгені жөн. Мемлекет үшін жұмыс істеліну керек. Олар "Сұр аймақтарда" ғана жұмыс жүргізбеуі тиіс. Қазақстан – мобильді аударым және қаржылық технологиялар бойынша ең цифрландырылған мемлекеттердің бірі. (...) Өз басым электронды гаджеттерді белсенді қолданамын. Олар – өте ыңғайлы. Мобильді аударымдарды пайдалану кезінде адамдарға барлық операция көрініп тұрады. Жалпы, бұл экономикаға қатты әсер етпейді деген пікірдемін. Адамдар сауда жасауды жалғастырып жатыр", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу