Куба Президенті Мигель Диас-Канель X әлеуметтік желісіндегі жазбасында АҚШ-ты ашық сынға алды – ол бұл қадамның халықаралық құқық қағидаттарына қайшы екенін мәлімдеді.
– АҚШ үкіметі заңды сайланған Венесуэла Президенті Николас Мадуроға қарсы біржақты әрі заңсыз шараларды ақтау үшін өзін халықаралық төреші ретінде көрсетуге тырысуда, – деп жазды Канель.
Боливия Президенті Луис Арсе де X әлеуметтік желісінде пікір білдіріп – АҚШ-тың Мадуроға қатысты мәлімдемесін "қабылдауға келмейтін" әрекет деп атады.
– АҚШ үкіметінің бауырымыз, Президент Николас Мадуроға жасаған бұл шабуылын айыптаймыз. Демократиялық жолмен сайланған президентке сыйақы жариялау – отарлық дәуірдің сарқыншағы. Бұл – Венесуэланың ғана емес, біздің халықтардың да егемендігі мен ар-намысына жасалған соққы, – деді Арсе.