Кубада "Қазақ күресі" үйірмесі ашылды

3729

"Әлем барысы" атағын жеңген палуан өз елінде "қазақ күресі" үйірмесін ашты. 

Кубада "Қазақ күресі" үйірмесі ашылды

Кубалық дзюдошы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, "Әлем барысы" атанған Оскар Рена Брайсон Видал Кубада "қазақ күресі" үйірмесін ашты. Ол жайында Қазақ күресі федерациясы мәлімдеді. 

Осы кезге дейін Әлемнің 29 елінде қазақ күресі үйірмесі ашылған еді. Олардың қатарында Моңғолия, Украина, Латвия, Грузия, Польша, Норвегия, Эстония, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Болгария, Иран, Испания, Қырғызстан, Кипр, Италия, Словения, Үндістан Ресей секілді елдер бар. Енді міне, бұл тізімге Кубаны да қоссақ болады. 

Сонымен қатар, Рене желтоқсанның 15-16 күндері Ақтөбеде өтетін Әлем чемпионатына өз командасымен келмекші. Бүгінде ол өз Отанында осы спорт түрін белсенді дамытуда. Оның айтуы бойынша, қазақ күресі – ең тартымды және болашағы жарқын спорт. "Маған қазақ күресі ұнайды. Техникалары дзюдоға ұқсас келеді. Менің ойымша, қазақ күресінің әлеуеті зор", - дейді Оскар Рене Брайсон Видал. Кубалық Оскар Рене бірнеше жыл бұрын "Әлем Барысына" қатысып, финалда әдемі әдісімен чемпион атанған еді.
Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу