1/8 финалға шығу үшін қазақстандық теннисші Әлемнің 18-ші ракеткасы швейцариялық Станислас Вавринкамен шеберлік байқасты. Үшінші геймде Вавринка қателікке жол беріп, нәтижесінде қазақстандық бірінші кезеңде 6: 4 есебімен жеңіске жетті.
Екінші кезеңде қарсыластар тең дәрежеде өнер көрсетті. Дегенмен екінші сеттің алтыншы геймінде швейцариялық белсенділік танытып, сетті жеңіске дейін жеткізді - 6:3. Үшінші сетте жеңіс үшін тартыс болды. Қарсыластар әр ұпай үшін күресті. Бірақ, үшінші геймде Станислас брейк-пойнтты нәтижелі аяқтап, матчта алға шықты. Швейцариялықтың кезекті рет допты ойынға қосуы барысында Кукушкин жеңісті қайтарып алуға жақсы мүмкіндік алды. Бірақ оны сәтті пайдалана алмады. Нәтижесінде тартысты өткен ойында Вавринка жеңіске жетті - 6: 1. Матч 1 сағат 58 минутқа созылды. Кукушкин екі эйс жасап, бір рет қателік жіберді және бір брейк-пойнтты сәтті пайдаланды. Ал допты ойынға қосу барысында, төрт геймде ұтылды.
Сонымен қатар Кукушкиннен бөлек, халықаралық турнирде сынға түсіп жатқан қазақстандық теннисшілердің бірі Дмитрий Попко. Ол Анталияда өтіп жатқан "Челленджер" турнирінің екінші айналымына шықты. Факундо Менаға қарсы өткен ойын 7: 6, 6: 3 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды. Кездесу 1 сағат 46 минутқа созылды. Попконың келесі қарсыласы аргентиналық Факундо Багнис.
Жарыстың екінші кезеңіне өткеннен кейін қазақстандық 730 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйлық пен теннис кәсіпқойлары қауымдастығының (ATP) рейтингінде 7 ұпайға ие болды.
Ермұхамед Мәулен